ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БАЛАБАҚШАЛАР ЖҰМЫСЫН ТОҚТАТТЫ

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік комиссия отырысындағы қаулысы негізінде 20-шы наурыздан бастап барлық балабақшалар өз жұмыстарын уақытша тоқтатты. Бұған дейін олар штаттық режимге сәйкес жұмыс істеп келген. Балалар ата-аналарының қалауы бойынша  қабылданған. Елдегі төтенше жағдай жарияланғаннан кейін бақшадағы балалардың саны екі есе азайған.

Бүкіл әлемді алаңдатқан коронавирус індетіне байланысты сақтық шарасы жүзеге асып, Түркістан облысы бойынша балабақшалардан босаған 150 мыңнан астам бала үй тәрбиесінде болады. Ал, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметкерлері жылдық жоспарларына сәйкес кезекті еңбек демалысына шығады. Қалғандары еңбек ақысы сақтала отырып, демалысқа жіберілді.

Жұмыс тоқтағанымен балабақшаларда жоспарлы түрде барлық талапқа сай қауіпті вирусқа қарсы сақтық шаралары жауапты сала мамандары тарапынан  қадағаланып отырады. Қазіргі таңда облысымызда мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің саны 1447. Оның 998-і жекеменшік.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.