ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ЕРІКТІ АЗАМАТТАР 62 МЫҢНАН АСТАМ БЕТПЕРДЕ ТІКТІ

Түркістан облысы Түлкібас ауданында 62 мыңнан астам медициналық бетперде тігіліп, халыққа тегін таратылды. Аудан әкімдігінің бастамасымен қолға алынған шараның мақсаты – бетперде тапшылығын жою. Осыған байланысты әкімшілік тарапынан бетперде тігуге қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, жұмысқа еріктілер тартылды. Бұл игі іске ауыл тұрғындар мен кәсіпкерлер және ұстаздар атсалысты.
Дайындалған бетперделер ауыл тұрғындарына, мектеп қызметкерлері мен оқушыларға және дәріханаларға тегін таратылды. Осылайша еріктілердің белсенді көмегінің арқасында аудандағы бетпердеге деген сұранысты азайып отыр.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.