Құрметті салық төлеушілер!

Сіздердің назарларыңызға 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономикаға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мақсатында Жалпыға бірдей декларациялау енгізіледі.

Бұл бөлімде заңнамалық базамен, жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияның нысаны және оны жасау қағидаларымен танысуға, сондай-ақ жалпыға бірдей декларациялау бойынша сұрақтарға жауап алуға болады.Бұдан басқа, E-gov.kz «Электрондық үкімет порталында», жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы алдын ала толтырылған Декларацияны электронды түрде ұсыну үшін функционал жүзеге асырылғанын хабарлаймыз.

Жалпыға бірдей декларациялау 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап көзделгенін ескере отырып, бұл қызмет сынақ қызметі болып табылады және тек алдын ала дайындау-ақпараттық мақсаттын көздейді.

2021 жылдың 1 қаңтарына дейін осы сервисте декларацияны табыс ету міндетті болып табылмайды, осыған байланысты пайдаланушының оны ұсыну нəтижелері бойынша жауапкершілігі туындамайтындығын ескертеміз.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.