ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

* АҚШ-та 1984-1999 жылдары автокөлікке қарағанда компьютерлер көп сатылған.

* Бүгінгі біз қолданып жүрген QWERTY клавиатурасы 130 жыл бұрын жазу мәшіңкесіне арнап жасалған және ол ең қолайсыз клавиатура деп танылған.

* Соңғы 12 жылда IBM компаниясы 30 000-нан астам жаңалығына патент алған.

* Жасанды интеллектісі бар алғашқы ұялы роботты 1970 жылы SRI компаниясы жасап шығарған. Ол Shakey деп аталған.

* Алғашқы CD дискісі небәрі 72 минуттық мәліметті сыйдырған.

* Алғашқы алып жүруге ыңғайлы компьютер 1981 жылы жасалды. Оның салмағы 12 келі болатын.

* Алғашқы матрицалық принтер 1964 жылы жасалған. Ол нақты уақытты басып шығару үшін Seiko сағатында қолданылған.

* Windows — 1.0 бағдарламасының алғашқы нұсқасы небәрі 100 $ тұрған және онша танымал болмаған, себебі өте баяу жұмыс істеген.

* Интернетте (1985 жылғы 15 наурызда) тіркелген ең алғашқы домен – symbolics.com әлі күнге жұмыс істейді.

* 1996 жылы  жапондық Аки Маитаның электрондық Тамагочи ойыны тез танылды. Ойын кейіпкерлерін пайдалану құқығын сатып алған Bandai Corporation ойыншық компаниясы одан 240 миллион доллар пайда тапқан.

*1998 жылы екі қытайлық хакер банктің компьютерлік жүйесін бұзып, 31 мың доллар ұрлағаны үшін өлім жазасына кесілді.

* Ең алғашқы компьютерлік вирус Elk Cloner деп аталған. Оны 1982 жылы Рич Скрент Apple компьютерлеріне арнап жасаған.

* Смайликтерді 1982 жылы Скотт Фолман ойлап тапқан.

* 1982 жылы Time журналы компьютерді «жыл адамы» деп таныған.

* Киберфобия – компьютер алдындағы қорқыныш.

* 1971 жылғы алғашқы электронды хаттың авторы – Рей Томлинсон.

* Кез-келген үш әріптен тұратын доменнің бәрі тіркеліп қойған.

* 1982 жылы ойлап табылған тетрис ойыны 40 миллион долларға сатылған.

* Статистика бойынша, компьютерлік инженерлердің 9%-ы ғана әйелдер.

* Ең дәулетті 6 адамның 3-еуі IT саласында жұмыс істеп, байыған.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.