Талғат Теменов: Неге осы салаға келгенде тарылып қалдық?

Мемлекеттік сыйлық демекші, аталмыш марапат туралы менің ойым мүлдем өзгерді. Біздегі осы атақ, абырой дәрігер мен фельдшерлерге, медбике мен санитарға, жедел жәрдем жүргізуші шоферға неге берілмейді? Неге аз?… Көкесінің ақшасына 3 клип түсірген жаңа жұлдыздар да, менің әріптестерім де армансыз екен. Әр жыл сайын желтоқсанда әр салада қуанатындар аз емес. Бірақ облысты былай қояйық, алыстағы ауданның, ауылдағы медпункттің бір дәрігері не бір фельдшері осындай атақ  алды ма? Мен естіген емеспін. Мына көрінбес соғыстың белгісіз батырлары болашақта да, осылай жүре бере ме? Неге бізде «Халық дәрігері» болмаса «Үздік дәрігер» деген атақ-абырой жоқ. Неге осы салаға келгенде тарылып қалдық?

Abai.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.