ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА 6 БІЛІМ МЕКЕМЕСІ ЖАНЫНАН ҚОСЫМША ҒИМАРАТ САЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Түлкібас ауданында карантин режиміне қарамастан халық игілігіне қажетті нысандарының құрылыс жұмыстары қызу жүруде. Ауданда халық санының өсуіне және білім алуға ыңғайлы жағдай жасау мақсатында облыстық және аудандық бюджеттерден қаржы бөлініп, өткен жылы 5 мектептің жанынан қосымша ғимарат салу жұмыстары басталған болатын.Атап айтсақ, Шақпақ-Баба ауылындағы С.Бреусов атындағы мектепке 200 оқушыға, П.Шевцов атындағы мектепке 150 оқушыға, Жыланды ауылындағы О.Кошевой атындағы мектепке 150 оқушыға, Мыңбай ауылындағы Жамбыл атындағы мектепке 150 оқушыға, Сеславино ауылындағы Сеславино мектебіне 150 оқушыға, Абай ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы мектебіне 150 оқушыға арналған қосымша корпус құрылыстары жүргізілуде.
П.Шевцов және С.Бреусов мектебінің қосымша ғимарат құрылысы ағымдағы жылдың тамыз айында толығымен аяқталып, жаңа оқу жылында пайдалануға берілмек. Ал қалған төрт нысанның құрылысы 2021 жылы аяқталады деп күтілуде.
Айта кетейік, бүгінде барлық аталған құрылыс алаңдарында карантин режиміне сәйкес құрылысшылардың қауіпсіздігі сақталып, оларды бетперделер мен дезинфекциялық заттармен қамтамасыз ету қарастырылған.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.