ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕКТІК АЗАМАТ 100 ОТБАСЫҒА АЗЫҚ ТҮЛІК ТАРАТТЫ

Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Мыңбұлақ ауылының тұрғыны Оразалы Ержанов #Bizbirgemiz акциясы аясында төтенше жағдай кезінде жерлестеріне қолдау білдіру мақсатында 100 отбасыға азық-түлік тауарларын таратты. Әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға үлестірілген азық-түлік себетінде бір қап ұн және сұйық май бар.
«Айлардың сұлтаны Рамазанға тұспа-тұс келген бүгінгі игі істі айтып өтсем айып болмас. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деуші ме еді. Сол секілді Оразалы Ержанов ағамызды үнемі ауыз толтырып айта жүретініміз Аллаға аян. Бұл кісі былтыр ғана ел игілігі үшін мешіт салып беріп, ауылдың ыстық ықыласына бөленгені бар. Осы азаматты Бәйдібек ауданы әкімдігі елеп, «Құрметті азамат» атағына лайық көргенде шын қуандық. Отбасына амандық, еңбегіне жеміс, асқақ абырой тілейміз. Рамазан айындаға барлық тілек дұғалар қабыл болсын», – деп ауыл тұрғындары жаны жомарт жанға деген ризашылықтарын білдірді.
Айта кетейік, сауап іс жасаушылар азық-түлік тауарларын тарату кезінде карантиндік режимге байланысты тиісті барлық сақтық шараларын сақтаған.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.