ТҮРКІСТАН: АҚ ХАЛАТТЫЛАР АДАЛ ЕҢБЕКТІҢ АЙНАСЫ БОЛУЫ КЕРЕК

Бұл туралы облыс орталығында жұмыс сапарымен жүрген Агенттік жанынан құрылған Республикалық «Адалдық алаңы» жобалық кеңсе жетекшісі Төлеген Байгулов Түркістан қалалық емханасының жұмыс барысымен танысу барысында атап өтті.

Елордалық қонақ Төлеген Зинешұлы озық үлгіде салынған қалалық емхананың ішін аралап, заманауи үлгідегі жабдықтары мен цифрландыру жұмысына куә болды.

Емхананың бас дәрігері Райымбек Тасырбаев медициналық ұйымда цифролизацияның алдыңғы қатардағы жаңартулары, соның ішінде инфокиоск, куаркод, онлайн хабарлау, колл центр, тікелей Кмис-ке қосылған терминал, автодозвон, ПУШ және науқастарға СМС — хабарлама жеткізу ісі мен тіркеу орындарының қысқа мерзім ішінде оң өзгерістер мен жаңартулармен толықтырылғанын айтып өтті.

Республикалық кеңсе жетекшісі қалалық емхана қызметімен танысып, ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған бастамаларына жоғары баға берді.

Айта кетсек, аталған емханада «Түркістан — Адалдық алаңы», «Өзіне өзі қызмет көрсету бұрышы» ашылған және емделушілердің бүлдіршіндері үшін арнайы ойын алаңдары жұмыс істейді.

Сондай — ақ, емдеу мекемесінде мүмкіндігі шектеулі жандарға да әлеуметтік қолдау көрсетілуде, яғни триаж жүйесі ашылған.

Бүгінде қала тұрғындарының денсаулығын сауықтыру жолында қалалық емханада жалпы саны 1300-ге жуық қызметкер сапалы қызмет көрсетуде.
Түркістан қаласының облыс орталығына айналуы ақ халаттылардың жауапкершілігін еселей түсіп, талай жанның ауруынан айығып кетуіне мүмкіндік сыйлауда.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.