ШЫМКЕНТ:СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ СЕБЕПТЕРІ МЕН ЖАҒДАЙЛАРЫН ЖОЮ ЖӨНІНДЕГІ ҰСЫНЫМ НЕГІЗІНДЕ 22 ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛҒАН

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен жүйелі түрде іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Осы орайда, Департамент басшысының орынбасарлары Т.Серікбаев жәнеБ.Ұзынжастың, Полиция департаменті бастығының орынбасары М.Алтаевтың қатысуымен жол-патрульдік полиция қызметінің жеке құрамымен кездесу өтті.

Кешкі сап түзеу барысында Талғар Серікбаев жеке құрамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жүзеге асырылу барысы мен осы бағыттағы алдын алу шараларына,  бағынышты қызметкерлердің арасындағы сыбайлас жемқорлық үшін басшылардың жеке жауапкершілігі мен ұжымдағы сыбайлас жемқорлықты болдырмау жөніндегі міндетіне тоқталды.

Өз кезегінде Бауыржан Ұзынжас жол-патрульдік полицияның жеке құрамын бұрынғы әріптестеріне қатысты айыптау үкімдерімен таныстырды. Сонымен қатар, ҚР ҚПК-ның 200-бабы негізінде енгізілген ұсынулардың қорытындыларынан хабардар етті.

Оның айтуынша қазіргі таңға дейін Полиция департаментіне қылмыстық құқықбұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнінде 19 ұсыныс жолданып, 22 полиция қызметкері жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде, 3 қызметкер «қатаң ескерту» алса, 8 қызметкер атқарып отырған лауазымынан, 2 қызметкер жұмыстан шығарылған.

Сонымен қатар, М.Алтаев жеке құрам арасында жүйелі түрде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілетіндігін айтты.

«Полиция қызметкерлері жетондармен, сондай-ақ автокөліктерде бейнетіркеуіштермен қамтамасыз етілген. Одан бөлек Өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тұрақты түрде жүргізілуде» — деді М.Алтаев.

Жиын барысында төтенше жағдай режимінде әрбір полиция қызметкерінің жеке жауапкершілігі туралы ескертіліп, сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеуге, адалдық, парасаттылық құндылықтарын берік ұстануға шақырды.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1424 нөмірлі call-орталығына хабарлау қажеттігі айтылды.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.