ҚАЗАҚТЫҢ КӨРНЕКТІ ЖАЗУШЫСЫ МАРХАБАТ БАЙҒҰТ 75 ЖАСТА!

Ізгі тілек

Облысымыздың зиялы қауым өкілдерінің көшбасшысы, заманымыздың заңғар жазушысы Мархабат Байғұт 75 жасқа толып отыр.

Шығармашылықтың шыңына шығып, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, Оңтүстік Қазақстан облысының «Құрметті азаматы», «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері атанған қарымды қаламгерді мерейлі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасын қалыптастырып, әр жылдары жарық көрген «Қозапая», «Машаттағы махаббат», «Әдебиет пәнінің періштесі», «Дауыстың түсі» сынды туындылары көзіқарақты оқырманның сүйікті кітаптарына айналып, шығармалары әлемнің бірнеше тілдерінде жарыққа шыққан.

Төл әдебиетіміз бен руханиятымыздың өркендеуіне сүбелі үлес қосып келе жатқан қаламгерімізге алғысымызды білдіре отырып, деніне саулық, отбасына амандық тілеп, шығармашылық жолда талай шыңдарды бағындыра беріңіз деген тілегімізді жеткізгіміз келеді.

«Қазақстан жолы» газетінің редакция ұжымы.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.