«Balalarmen_birge» байқауы мәресіне жетті

2020 жылғы 24 сәуір-14 мамыр аралығында Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы үйде отырған ата-аналар арасында ерекше байқау жариялаған еді.
Бұл байқау – пандемия кезінде үйде отырған ұл-қыздарымыздың уақытын тиімді пайдаланып, салауатты өмір салтын ұстануға үндеуге, олардың тәрбиесіне көп көңіл бөлуге шақыру үшін ұйымдастырылды.
Онлайн байқауға қызығушылық танытып, қатысқан азаматтар саны 40-тан асты.
Байқау шартына сәйкес, барлық видеоматериалдарды сараптаған әділқазылар алқасы шешім шығарып, жеңімпаздарды анықтады.
«Balalarmen_birge» әлеуметтік желі белсенділерінің арасында өткен онлайн байқауында талантымен танылып, ерекше көзге түскен азаматтар тізімі:
БАС ЖҮЛДЕ — «Тәтті бауырлар» тобы
І ОРЫН — БАҚДӘУЛЕТ АҢСАРБЕКҰЛЫ
ІІ ОРЫН — ЖАНАЙЫМ ЖАНАСЫЛҚЫЗЫ
ІІІ ОРЫН — ИНДИРА СЕЙДУЛЛАҚЫЗЫ жеңімпаз атанды.
Сонымен қатар, ынталандыру сыйлығымен
АМАНГЕЛДІ атындағы ЖОМ ОҚУШЫЛАРЫ
МЕРУЕРТ МУСЛИМХАНҚЫЗЫ
ГҮЛЗАТ МҰХТАРҚЫЗЫ марапатталады.
Ескеретін жағдай, сыйлықтар жеңімпаз балалардың қалауы бойынша алынды.
Ұйымдастырушылар барлық қатысушы азаматтарға алғыс білдіре отырып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтармен және арнайы дипломмен марапатталғанын хабарлайды.
Сыйлықтар карантин режиміне сәйкес, үйлеріне жеткізлііп беріледі.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.