ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙЛЫҚ ДИҚАНДАР 457 МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ҚАРБЫЗ-ҚАУЫН ӨНДІРДІ

Жетісай ауданы ауыл шаруашылығы өнімдерін ерте өндіру бойынша Түркістан облысында көш бастап келеді. Жалпы ағымдағы жылы аудан бойынша 12 500 гектар аумаққа қауын егіліп, одан 355 мың тонна өнім жиналған. Сондай-ақ, 3800 гектар жерге қарбыз егіліп, тиісінше одан 102 600 мың тонна өнім алынған. Бұл Республика бойынша ең үздік көрсеткіш болып табылады.
Айта кетерлігі, жиналған өнімдер Қазақстан аумағынан бөлек, Ресей, Латвия, Белорусия, Молдовия, Эстония, мемлекеттеріне жөнелтілген.
Сонымен қатар, былтыр Жетісай ауданы бойынша 15 750 мың гектар аумаққа бақша дақылдары егілсе, одан алынған жалпы өнім көлемі қазіргі таңда 390 мың тоннаны құрап отыр.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.