АРЫСТЫҚ ЖАС ПАТРИОТТАР ОНЛАЙН-РЕЖИМДЕ БАҚ СЫНАСУДА

Түркістан облысы Арыс қаласында «Айбын» VI республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының ашылуы өтті. 2 айға созылатын шара елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты іс-шара алғаш рет онлайн режимде өткізілуде.
Республикалық жиынға еліміздің барлық өңірлерінен 39 команда қатысып жатыр. Олардың құрамында «Жас ұлан» республикалық мектептерінің, өңірлік әскери мектеп-интернаттарының, Қарулы Күштердің әскери-патриоттық клубтарының, ҰҚК Шекара қызметінің, ІІМ Ұлттық ұланының, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарының тәрбиеленушілері бар.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тұрақты назарының арқасында «Жас Сарбаз» республикалық әскери-патриоттық қозғалысының қызметі жыл сайын жанданып келеді.
Үйлестіру мақсатында Қарулы Күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында фронт-офис құрылды. Онда Led-экран арқылы барлық жарысқа қатысушылардың өнерін көруге болады. Командалар өз елді мекендерінде тікелей көрсетілімді жүзеге асыра алады. Іс-шараны өткізу үшін Aibynonline.kz онлайн-платформасы және Aibyn мобильді қосымшалары мен веб-сайт әзірленді.
Аталмыш жиынға Түркістан облысының намысын Арыс қаласының «БАРЫС» əскери -патриоттық клубының жас сарбаздары қорғайтын болады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.