Дәстүрлі емес Ислам бағыттары

Қазір Қазақстанда Ислам бағытында қызмет ететін бірден-бір діни бірлестік – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы екені баршаға мәлім. Дегенмен, ресми тіркелместен әрекет етіп отырған дәстүрлі емес Ислам бағытындағы ағымдардың тұрғын халық арасындағы іс-әрекеті жалғасуда. Олардың ең белсендісі – салафилік идеологияны ұстанған жамағаттар. Салафилік идеологияны ұстанушылардың басты мақсаты – тек Ислам шариғатына негізделген мемлекет құрып, демократиялық қағидаттарға негізделген зайырлы мемлекеттік құрылымдарды жою.
Уаһабшылық-салафилік ағым идеологтары зайырлы елде өмір сүріп жатқан мұсылмандарды «жәһил» («надан») қоғамнан оқшаулануға, «кәпір» болғандармен немесе дінге «бидғат» («жаңашылдық») енгізетіндермен барлық қарым-қатынастарды үзуге үндейді. Олар өз ішінде сурурилер, мадхалилер және тәкфіршілер болып бөлінеді. Сурурилер – Сауд Арабиясы билігінің елге Америка Құрама Штаттары әскерлерін кіргізу шешіміне қарсы шығып, оларды кәпір ретінде айыптаған мәдиналық салафилер жамағаты. Сурурилер төзімсіз діни ағымға жатады. Саудиялық сурурилер бес уақыт намаз оқымаған мұсылманды кәпір деп есептейді. Мадхалилер – Рабиибн Хади әл-Мадхалидің көзқарастарын ұстанған мәдиналық салафилер.
Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «МӘҢГІЛІК ЕЛ» қоғамдық бірлестігі әзірлеген

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.