Шымкент: Бір аптада «102» арнасына 5774 аса қоңырау шалынған

Ағымдағы жылдың 23-29 қараша күндері Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының «102» арнасына түрлі сипаттағы 5774 қоғырау шалынып, оның 2447-і электронды тіркеуге алынған. Бұдан бөлек, апта аралығында бейнебақылау камералары көмегімен 9 қылмыс ашылған. Олар: 2 бұзақылық жайты, 4 ұрлық жайты, т.б..
Ал нөлдік төзімділік қағидасы және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша -883 жайт анықталған.
ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабы ( қоғамдық орындарда қоқыс қалдығын тастау) бойынша — 19, ҚР ӘҚБтК-нің 440 бабы (қоғамдық орындарда мас халде жүргендер) бойынша — 27, ҚР ӘҚБтК-нің 449 бабы (қоғамдық орындарда қайыршылық жасау) бойынша-26, ал жол ережесін бұзғандар — 705, одан басқа да 106 жайт анықталды.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.