АҚПАРАТТЫ СҰРЫПТАЙ АЛАСЫЗ БА?

Сіз қандай блогерлерді оқисыз? Пайдасы бар ма? Өзіңіз көретін, оқитын парақшаларды сүзгіден өткізе білесіз бе? «Ақпараттық фильтріңіз» қаншалықты жұмыс жасайды?

Немістің Ханс Рослинг есімді үлкен психолог, әлеуметтанушысы жақында зертеу жүргізіп, адамның медиабиографиясы деген нәрсесінің қазіргі таңда бірінші кезекке шыққандығын айтқан болатын. Бұрын адам биографиясы маңызды болса, қазір медиабиографияға көп көңіл бөлінеді екен. Расымен солай. Әлеуметтік желі арқылы адамды танитын замандамыз. Жазған жазбалары мен салған суреттеріне қарап, тіпті кімге жазылған, кімді оқитыны мен кімді қарайтынын бағамдап, адамның ой-өрісінің деңгейін бағамдауға болады, қызықтырған дүниесін тануға да болады. Өз басыма адамдардың достығында кімдер бар, кімді оқитыны маған маңызды. Себебі осы қарапайым ғана дүние адамды танудың алғашқы баспалдағы деуге болады.

«Жоқ, мен бұл адамды жай ғана қараймын, бірақ мен ненің жақсы, ненің жаман екенін білемін. Маған әсер ете алмайды» деудің өзі әсте қателік. Себебі ақпаратты сүзгіден өткізе білудің өзі қиын. Мәселен, бір журналистің айтқаны бар еді: «Мен атеистік көзқарастағы бір кітапты оқып шығып, оған қарсы үлкен мақала жариялаймын деген ойым болды. Бірақ әлгі кітапты оқып отырып, 4-5-бетінде маған күдік пайда бола бастады. Кітап маған әсерін тигізе бастады. Содан әлгі кітапты өртеп тастағыным есімде» дегенді айтқан болатын. Демек, кейде біз өзіміз көріп, біліп, естіп жүрген кейбір дүниелердің астарында қандай саясат жатқанын кейде біле бермеуіміз мүмкін. Біз тұра қала билей кететін шетелдік әндердің аудармасын іздеп көрдіңіз бе? Аудармасын ізденіп көрсеңіз, шошисыз! Карантинде жаппай көрсетілген «Бумажный дом» сериясында біржыныстылардың махаббатын насихаттағанын байқадыңыз ба? Жай меңзеп, біздің санамызды біржыныстылардың да махаббаты болатына сендіріп, көзімізді үйреткендей емес пе?

Бітпейтін ұтыстар мен вайнерлердің әзілдерін әлеуметтік желіде көре беру мәре емес. Анығы, кез-келген нәрседен пайдалы білім алу. Ақпаратты сұрыптай білу. Көрген фильміңіз бен естіген әндеріңізге абай болыңыз! Адамның көрген білген нәрсесі ойға түседі, ойға түскен нәрсе, әлбетте, бір күні аузыңыздан шығады, ауыздан шыққан нәрсе іске айналады, ал іс әдетке, әдет тағдырға айналады.

Ұ.Өскен.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.