Дулат Исабеков: Бұл азғындықтың түп-тамыры қайда жатыр?

Қазір әлем бұзылып кетті. Әлем болғанда да адам бұзылды. Рим Папасы бір жыныстылардың үйленуіне рұқсат берген соң, басқалар қалай оңсын? Бір жыныстылардың некесін қолдайтын азғындар әлемді жаулап, тіпті біздің Қазақстанға да келді. Оған біздің жастарымыз да жерік асындай үйір.

Қоғам, мемлекет болып шетелден келетін әртүрлі діни ағымдарға қалай тыйым салсақ, бұған да солай жол бермеуіміз керек! Мысалы, осы бір жынысты азғындарға Ресейде Путиннің өзі қарсы шығып, жарлыққа қол қойды. Ал бізде бұлар ойына келгенін істеп, теледидарыңа шығып, тайраңдап жүр. Бұл азғындықтың түп-тамыры қайда жатыр? Бізге қайдан, қалай келді? Бұл жолға кімдер үйір деген сауал мені жиі мазалайды. Ондай жастар – байлықтан, барлықтан тойған, ақшаның көптігінен семіргендер. Жеткілікті өмірдің өзі кейде адамды әртүрлі пиғылға, әртүрлі ниетке жетелейді екен. Қазақ «Семіздікті қой ғана көтереді» деп бекер айтпаған ғой. Қоңыртөбел тұрмыс кешкен жандардың бала-шағалары ондай азғындыққа бара бермейді.

Бір жыныстылар бізде біраз жылдардан бері бар. Гей-парад дегенді де естіп жүрміз ғой. Бірақ бұлар күннен-күнге көбейіп келе жатыр. Осы жағы қорқынышты! Олардың бәрі қайдан шығып жатқаны белгісіз. Бұларды қандай мақсатпен болса да, теледидарға шығаруға, фейсбукке немесе басқа да әлеуметтік желіге шақырып, сұхбат алуға, жұртқа көрсетуге болмайды. Жастар еліктегіш келеді. Сондықтан мұндай кесірлі бағыттағылардың жолын кесуіміз керек. Бұл халықтың геніне, тегіне кері әсер етеді. Олармен күресудің де қажеті жоқ. Заңмен тыйым салу қажет!

 jasqazaq.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.