Оңтүстік Кореялық протестанттық шіркеулердің миссионерлік қызметі

Оңтүстік Кореяға келетін басқа ұлт өкілдерінің пікірінше, бұл елде христиандық діни сенімдердің орын алғандығына көздері жетті. Бұл діни сенімдер елдегі христиандық шіркеулердің көптігімен, олардағы халықтың жексенбілік діни іс-шараларға қатысуымен ерекшеленеді. Статистикалық мәліметтер бойынша елдің тең жарты бөлігі христиандық, соның ішіндегі протестанттық шіркеуге жататындығын көрсетті. Оңтүстік Корейлік буддистердің діни қызметтерінің шексіз және олардың елдегі діни өзгерістерге ықпалы артып отыр. Христиандық ағымдардың Оңтүстік Кореяға енуі ХVIII ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың бас кезеңінде пайда болды. Сеул қаласында 1770 жылдың ағында жас дворяндар үйірмесі пайда болып, онда христиандық ілімдер оқытыла бастады. Осыдан кейін үйірмеге көптеген католиктік шығармалардың туындылары ене бастады. Үйірме мүшелері шетелден келген көптеген  миссионерлермен кездесулер өткізіп отырды.

Оңтүстік Кореяға христиандық католиктік ілімдер тек рухани жолдар мен яғни кітаптар арқылы тарай бастады. Екіншіден бұл ілімдер тез қарқын мен орын алғандығы байқалады.

Оңтүстік Кореялық протестанттық шіркеулердің тез қарқынмен енуі ХІХ аяғы мен ХХ ғасырдың басында орын алады. Елдегі миссионерлердің белсенді қызметінің нәтижесінде жаңа протестанттық қауымның құрылуына алып келді. Бұл қауымның мүшелеріне жергілікті халықпен қатар америкалық миссионерлердің қабылдануы кездейсоқ болған емес. Елдегі протестанттық идеялардың толықтай енуі жаңа діни көзқарастардың қалыптасуына жағдай жасады. Бұл идеялар христиандық салт-дәстүр мен байланысы одан әрі бекемдей түсті. 1951 жылдары Оңтүстік Кореяда протестанттық шіркеулердің сандық жағынан басымдығы байқала бастады. Осының нәтижесінде елде Лы-Сун деген атпен ірі протестанттық шіркеулер пайда болды. Бұл шіркеудің қатары 60-70 жылдардың ішінде одан әрі толықтай түсті. Бұл шіркеуде протестанттизмнің идеялық көзқарастарын орнықтыру және халық арасында түсіндіру жұмыстары қарқын ала бастады. Бұл идеялық көзқарастар шетелдік миссионерлік ағымдардың әсерімен де болды.

Шетелдік миссионерлер Оңтүстік Кореяда шіркеулер мен қатар жетім-жесірлерге, ауруларға арнап ауруханалар мен мектептер салғыза бастады. Осыған сәйкес Оңтүстік Кореялық протестанттық шіркеудің «Батысшыл» деп аталатын тармағы белсенді қызмет атқара бастады. Бұл тармақты қаржыландырудың көзі шетелдік елдер болып табылады. Бұл ағымдардың нәтижесінде көптеген христиандық мектептер пайда болды. Солардың бірі «Христ ілімдері», «Ашық аспан» және т.б. болды. Бұл мектептердің мүшелері өздерін  протестанттық деп есептеді.

Осының бәрінің нәтижесінде бір кездері 100 пайыз будда болған Оңтүстік Корея халқы, қазіргі таңда халқының жартысы христиан болып табылады.

Шымкент қаласы дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша  «МӘҢГІЛІК ЕЛ» қоғамдық бірлестігі әзірлеген.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.