Нұрлан Нығматулин, Мәжіліс спикері:… қылмыскерлерді әкімшілік қамауға алу да, айыппұл да тоқтатпай тұр

Қазақстанда бағалы металдардың заңсыз айналымы үшін баптар қылмыстық сипаттан арылған, ал Ресей мен Беларусьте мұндай құқықбұзушылықтар үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Біздің елімізде тек әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Бұл қымбат металдарды ұрлау және соның салдарынан олардың заңсыз айналымы төмендемей, жылдан- жылға өсіп келе жатқандығына себеп.

Тек «Қазақалтында» 2015 жылдан 2020 жылға дейін 32 мыңнан астам заңсыз әрекет тіркелген. 2019 жылдың ақпан айынан бастап 2020 жылдың қыркүйегіне дейін 5 722 заңбұзушы ұсталып, полицияға тапсырылған. Олардың 80 пайызы қайта қылмыс жасаған. Яғни, қылмыскерлерді әкімшілік қамауға алу да, айыппұл да тоқтатпай тұр.

Сарапшылардың пікірінше, бізде заңды түрде өндірілген әрбір үш тонна алтын үшін заңсыз өндірілген бір тонна сәйкес келеді. Акционерлер, инвесторлар түрлі шаралар қабылдауда, Ішкі істер министрлігі белсенді күресуде, бірақ жағдай жақсармайды. Мен қазір сіздің жауабыңызды естідім, Бейбіт Бәкірұлы, бірақ министрлік те, Үкімет те жазаны қатайту жөнінде бір де бір рет ұсыныс жасаған жоқ.

Мәселе басқада, министрлік кімнің жағында? Сонда сіз не күтесіз? Неге ұйықтап жүрсіз? Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бірінші кезекте қымбат металдардың заңсыз айналымы үшін жазаны қатаңдатуға мүдделі болуы тиіс. Сіздің бұл мәселе туралы құр сөйлеп қана емес, үлес қосуға кірісуіңіз керек.

azattyqruhy.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.