Шымкент: көше бойына шағал тас төккен азаматқа ескерту жасалды

  Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Е.Жумаханбетовтың тапсырмасымен учаскелік полиция инспекторлары қала аумағында абаттандыру қағидаларын бұзған жайттарын анықтауға және жолын кесуге бағытталған рейдтік іс-шарасы өтіп жатыр.
      Атап айтсақ, 2021 жылдың 13-мамырында Шымкент ҚПД  Қаратау АПБ-ның учаскелік полиция инспекторлары абаттандыру қағидаларын сақтау бойынша тексеру жұмыстарын жүргізу барысында «Нұрсәт» шағынауданындағы көше бойына үйілген шағал тас үйіндісін байқаған.
Полиция қызметкерлері абаттандыру қағидаларын бұзған жергілікті тұрғынға қатысты ҚР ӘҚБтҚ-нің 505-бабы 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырып, ескерту жасады.
     Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарына тазалықта сақтауға шақырады, сондай-ақ  абаттандыру қағидаларын бұзған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.