ТҮРКІСТАН: 128 ЕГУ ПУНКТІ ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰР

«Жасыл аймақтағы» Түркістан облысында 128 егу пунктінде коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация жүргізілуде. 100-ден астам термоконтейнермен қамтамасыз етілген. ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Түркістан өңіріндегі эпидемиологиялық ахуалды баяндаған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев вакцинация сондай-ақ, жылжымалы вакцинациялау пункттерінде жүргізілетінін атап өтті.
«Облыста 80 көшпелі егу бригадасы жұмыс істейді. Вакцинация жүргізу үшін даярланған 500-ден аса маманмен қамтамасыз етілді. Түркістан облысы бойынша жаппай вакцинациялау алгоритмі жасалған. Жоспарға сәйкес, 185 мың доза «Спутник-V» және 752 мың доза құрайтын «QazVac» отандық вакцинамен қамтамасыз ету жоспарланып отыр»,-деді Өмірзақ Шөкеев.
Түркістан облысында ақпан айынан басталған вакцинацияның 180 100 дозасы жеткізіліп, бірінші компонент 176 мыңнан астам адамға, екінші компонент 41 мың азамата салынды. Жалпы 700 мыңнан аса азаматтан ПТР тест алынған.
Соңғы тәулікте 30 адам КВИ аурушаңдықпен тіркеліп, оның жартысынан астамынан аурудың симптомсыз түрі анықталған. Коронавирустық инфекцияның әр түрлі сценариіне байланысты инфекциялық төсек-орын санын 5 610-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар.
Жаппай вакцинациялау алгоритміне сәйкес, қала және аудан тұрғындары вакцинаны жергілікті емханалардың егу кабинеттерінде арнайы тізім және алдын ала жазылу тәсілі бойынша салдырады. Екпе сондай-ақ жылжымалы пункттерде жүргізіледі. Тұрғындар алдын ала Egov электронды жүйесі арқылы тіркеліп, ерікті түрде вакцина жасата алады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.