Сыртқы талдау жұмыстары арқылы анықталған кемшіліктер алқалы жиында баяндалды

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментімен ағымдағы жылдың 17 наурыз — 29 сәуір күндері облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау жұмыстарының қорытындысы алқалы жиында баяндалды.

Іс-шараға Агенттіктің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары М.Қарғабай, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Асия Темірбаева және оның орынбасарлары, Агенттіктің Түркістан облысы бойынша Департаментінің аға офицері А.Талғатұлы, сондай-ақ басқарма қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Жиында Ақтөре Талғатұлы сөз алып, талдау барысында ұсынылған ақпаратты зерделеу нәтижесінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне тоқталды.

Жүргізілген талдау персоналды басқару бағыты бойынша басқарма қызметінде мүдделер қақтығысын тудырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алғышарттарын туғызуға ықпал еткендігін көрсеткен.

Бұдан бөлек, өткен жылы 3 рет басқарма қызметкерлеріне төленген сыйақы беру тәртібінде мүдделер қақтығысы байқалғандығы және Еңбек кодексінің 113 бабы 4 тармағының талабы бұзылғандығы, сондай-ақ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл» туралы Заңды басшылыққа алып жұмыс жасау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстарын жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жұмыстарын ұйымдастыру көзделмегендігі анықталған.

Сонымен қатар, басқармаға бағынышты «Ардагерлер үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністері байқалғандығы атап өтілді.

Жиын соңында аталған кемшіліктерді жою мақсатында талдау қорытындысы талқыланып, енгізілген ұсыныстардың орындалуын қатаң бақылау қажеттілігі ескертілді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.