Шымкенттік полицейлер карантин режимін бұзып, құдалық өткізгендерді анықтады

Шымкент ҚПД Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері карантин талаптарының сақталуын бақылау мақсатында күнделікті рейдтік іс-шара жүргізуде. 2021 жылдың 3-маусымында сағат 13:24-те Тәуке хан даңғылы №264 үйде орналасқан «Тұмар» мейрамханасы карантиндік шектеулерді бұзып 50 адамнан асатын «Құдалық» той өткізіп жатқанын анықтады.

Аталған жайт бойынша, карантин талаптарын сақтамай жұмысын жалғастырған тойхана иесі мен той өткізген азаматтан түсініктеме алынды. Жинақталған іс-құжаттар шара қолдану үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Осы орайда, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері бекітілген қаулыны ескермей, әлі той-жиын өткізіп жатқан тұрғындарға бұл өздерінің ғана емес, өзгелердің де өміріне қауіп төндіріп жатқанын ескертеді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.