Шымкентте 10 күнде мас күйінде көлік басқарған 24 жүргізуші жауапкершілікке тартылды

Шымкент қаласының Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері ағымдағы жылдың 30-мамыр мен 8-маусым аралығында рейдтік іс-шаралар өткізу барысында мас күйінде көлік құралын басқарған 24 жүргізушіні ұстады. Аталған жүргізушілер Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) бойынша жауапкершілікке тартылды.
Полиция қызметкерлері автокөлік иелеріне жол жүру ережелерін қатаң сақтау қажеттігін, сондай-ақ мас күйде көлік жүргізгені үшін жауапкершілік туралы еске салады.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.