Шөп ұрлаған күдікті ұсталды

Шымкент ҚПД Еңбекші ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған.  Онда белгісіз тұлға ауласындағы кептіріліп, буылған шөбін ұрлап кеткенін жазып көрсеткен.  Еңбекші ауданы Полиция басқармасының №39 учаскелік полиция пунктінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде ұрлық жайтына күдікті жергілікті тұрғынды анықтады.  Оқиғаның мән-жайы тексерілуде.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.