Шымкентте дүкеннен жасырын түрде киім ұрлап қашқан ұрыны ұстады

2021 жылдың 20-маусымында Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының «102» сымтетігіне қала тұрғыны арызданды. Ол өз арызында, белгісіз тұлға Әл-Фараби алаңында орналасқан киім дүкенінен жасырын түрде 103.390 теңге тұратын киімдерді ұрлап кеткенін жазып көрсеткен.
Әл-фараби АПБ ЖПҚБ №18 УПП учаскелік полиция инспекторлары жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, бейнекамера арқылы күдіктінің ізіне түсіп көп ұзамай қолға түсірді. Ұсталған адамның бұрын Шымкент қаласы аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар – жоғы тексерілуде.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.