Шымкентте дүкеннен жасырын түрде киім ұрлаған ұры ұсталды

2021 жылдың 23-маусымында Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының «102» сымтетігіне қала тұрғыны арызданды. Ол өз арызында, Шымкент қаласында орналасқан дүкендердің бірінен белгісіз тұлға, құны 30000 теңге тұратын киімдерді ұрлап кеткенін көрсеткен.
Әл-фараби АПБ ЖПҚБ №17 УПП учаскелік полиция инспекторлары жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, бейнекамера арқылы күдіктінің ізіне түсіп көп ұзамай қолға түсірді. Ұсталған адамның бұрын Шымкент қаласы аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар – жоғы тексерілуде.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.