Шымкенттік полицейлер BMW маркалы велосипед ұрлаған азаматты ұстады

2021 жылдың 23-маусымында Әл-фараби АПБ-на жергілікті жердің тұрғыны арызданды. Ол өз арызында, көп қабатты үйдің кіреберісінде тұрған, құны 80.000 теңге тұратын BMW маркалы велосипедін белгісіз тұлға ұрлап кеткенін көрсеткен.
Аталған жайт бойынша Әл-фараби АПБ КПБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғынын анықтап, ұстады. Тексеру амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға абай болуға және бейтаныс азаматтарға заттарын бермеуге кеңес береді.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.