Шымкентте жол белгілер жаңартылды

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы Жол техника инспекция бөлімінің қызметкерлері қала көшелерінде зерделеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Мысалы, полиция қызметкерлері қала көшелерінде жолдағы жолақтың бірінде жол сызбалары өшіп кеткенін байқаған.
Нәтижесінде, аталған жайт бойынша Шымкент қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына арнайы жол сызбасын жаңарту мақсатында ұйғарым жолданды.
Қазіргі таңда анықталған кемшіліктер жойылды.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.