Шымкентте тұрғынның өтініші бойынша жол белгі қалпына келтірілді

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы Жол техника инспекция бөлімінің қызметкерлері қала көшелерінде зерделеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Шымкент қаласындағы СМУ-4 шағынауданының көшелерінің жаяу жүргіншілерге арналған жолақтардың жол сызбалары өшіп кеткені туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің әлеуметтік желілері арқылы өтініш жазған.
Нәтижесінде, аталған жайт бойынша Шымкент қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына арнайы жол сызбасын жаңарту мақсатында ұйғарым жолданды. Жол белгілері жаңартылды.
Шымкент ҚПД ӘПБ бастығының орынбасары полиция майоры Ұлан Саркулов қала көшелерінде зерделеу жұмыстары бойынша өзі де қатысып қайтты. «Шымкент қаласы СМУ-4 шағынауданының Ю.Гагарин көшесінде орналасқан, жаяу жүргіншілерге арналған арнайы өтпелінің жолағы ескірген. Сол бойынша СМУ-4 шағынуданының тұрғыны Шымкент қаласы Полиция департаментінің әлеуметтік желісіндегі парақшамызға өтініш білдірген. Өтінішті назарымызға алып осы Ю.Гагарин көшесіндегі жаяу жүргіншілер өтпелінің жолағын жаңарту жұмыстары жүргізілді», — деді полиция майоры Ұлан Саркулов.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.