Шымкенттік полицейлер карантин шектеулеріне бағынбаған мейрамхананы анықтады

Шымкент ҚПД Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері карантин талаптарының сақталуын бақылау мақсатында күнделікті рейдтік іс-шара жүргізуде. 2021 жылдың 27-маусымында сағат 14:17-де Шымкент қаласында орналасқан «Шымкент холл» мейрамханасы карантиндік шектеулерді бұзып, келушілерді қабылдап жатқанын анықтады. Қызметкерлер мен даяршылар кафе ішінде бір реттік бетпердені тақпай қызмет көрсетуде.
Сондай-ақ, 200 адамға арналған «Үйлену» тойын өткізіп жатқаны белгілі болды. Аталған жайт бойынша, карантин талаптарын сақтамай жұмысын жалғастырған кафе әкімшісінен түсініктеме алынды. Жинақталған іс-құжаттар шара қолдану үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.
Осы орайда, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері бекітілген қаулыға бағынбай, әлі күнге той-жиын өткізіп жатқан тұрғындарға бұл өздерінің ғана емес, өзгелердің де өміріне қауіп төндіріп жатқанын қатаң ескертеді.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.