«Сергек» бейнекамерасының тиімділігі мол

«Сергек» бейнекамераларына автокөлік жүргізушілерімен жылдамдықты асырған фактісі тіркеледі.
Көлік жүргізушілерінің құқық бұзушылықтар бойынша мекенжайларына хабарлама барған күннен бастап 7 тәулік ішінде, салынған әкімшілік айыппұлдың 50 пайыз мөлшерін төлеуге мүмкіндігі бар.
Жол қозғалысы ережелерін бұзудың 2021 жылдың 6 айлық көрсеткіші бойынша, «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені арқылы 19237 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген.
«Сергек» жүйесі арқылы әкімшілік айыппұлдарды тіркеуден бөлек, қылмысқа және басқада құқық бұзушылықтарға қатысы бар автокөліктерді қала аумағындағы қатынасын анықтауға мүмкіндігі бар.
Айта өтейік, «Сергек» жүйесі ауа-райының қолайсыз жағдайларына қарамайды.
Барлық уақытта бір қалыпты жағдайда жұмыс жасайды.
Сондай-ақ, «Сергек» бейнекамералары қала ішінде жол-көлік оқиғаларының азаюына септігін тигізіп келеді.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.