Құны 2.000.000 теңгені құрайтын трансформатор кабелін белгісіз тұлғалар ұрлап кеткен

2021 жылдың 28-маусымында Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасына  жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында көше бойындағы трансформатор үстінде оралып тұрған, ұзындығы 40 метр кабелді белгісіз тұлғалар ұрлап кеткендігін көрсеткен. Келтірілген шығын мөлшері екі миллион теңге шамасында.

Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдікті анықталып,  басқармаға  жеткізілді. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.