Сержанттар-командалық кадрлардың ең көп құрамы

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасының сержанттары өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтті.

 

Іс-шара гарнизондық офицерлер үйінде өтті, онда механикаландырылған бригаданың барлық санаттағы сержанттары жиналды.

Оларды бригада командирі және «Қарулы Күштер ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелері кәсіби мерекелерімен құттықтады.

— Сержанттар кіші командирлер буынына жатады және командалық кадрлардың ең көп құрамын құрайды. Сержанттар сарбаздарға қару-жарақ пен әскери техниканы үйренуге және пайдалануға көмектеседі. Олар тәуліктік нарядта сарбаздармен катар қызмет етеді, әскери тәртіпті нығайту бойынша күнделікті жұмыс жүргізеді. Бұл жерде жеке үлгі, бедел, жоғары адамгершілік қасиеттер, іске деген қайсарлық, тәртіптілік ерекше маңызды, – деп атап өтті подполковник Нүркен Қарағұлов.

Үздік сержанттар мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Соңында механикаландырылған бригаданың артиллериялық дивизионының көркемөнерпаздар ұжымы мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырды.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.