Спортшы сақшы

Шымкент қаласы Полиция департаменті «Біздің полиция» жобасын жалғастырып жатыр. Бұл жолы қызметтік міндеттерін мінсіз атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, құқық тәртібін қамтамасыз етуге үлес қосқан тәртіп сақшының бірі — Нұрболат Майлыбаев туралы айтамыз.
34 жастағы Нұрболат Тұрсынбекұлы — Шымкент ҚІІБ Патрульдік полиция полкінің полиция инспекторы, капитаны. Ол күндіз-түні қоғамдағы қауіпсіздікті сақтап, тұрғындардың тынышы үшін қызмет етіп келеді.
Полицей 1993 жылы №59 А.Байтұрсынов атындағы қазақ орта мектебіне барып, 2004 жылы аталған мектепті аяқтады. 2004-2008 жылдары Аймақтық-әлеуметтік инновациялық университетінің «Құқықтану» мамандығын бітірген. 2009 жылы әскерге шақыртылып, 2010 жылы әскери борышын өтеп келген.
2013 жылдың наурыз айынан бастап Ішкі істер органына қабылданып, 2021 жылдың маусым айынан бастап қызмет инспекторы лауазымында Шымкент қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы Патрульдік полиция полкінде қызмет атқарып келеді.
Нұрболат Тұрсынбекұлы мектепте оқып жүріп-ақ спортқа деген қызығушылығы артып, «Дзюдо», «Самбо» сияқты спорт түрлерінен-спорт шебері атанған. Қазақстанда ұйымдастырылған спорттық жарыстардан бірнеше рет жеңімпаз болған. Ал 2007 жылы Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласында өткен Азия чемпионатынан 1-орынды иеленген. 2007 жылы Минск қаласында, Әлем чемпионатында «Самбо» күресінен 3-орынды алып 2014 жылы ОҚО ІІД атынан Түрік мемлекетінің Ескішахир қаласында өткізілген Әлем чемпионатында 3-орынды бағындырған. 2019 жылы Астана қаласында өткізілген Әлем чемпионатында Шымкент қаласы Полиция департаменті атынан қатысып, 3- орынды жеңіп алған.
Ішкі істер органдағы қызметін спорттпен ұштастырған сақшы Нұрболат Тұрсынбекұлы алдағы уақытта да құқықтық қоғамдық тәртіпті сақтауда, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауда өз қызметтік борыштарын абыроймен орындап, халықтың алғысын арқалай бермек.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.