ТҮРКІСТАН: ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРГЕНДЕРГЕ ЖАЗА КҮШЕЙТІЛДІ

Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің өкілдері Келес АПБ-нің жеке құрамымен кездесті. Жиында «Заңсыз сыйақы үшін көрілетін жазаның күшейтілгені» туралы кең көлемде баяндалды.
Ағымдағы жылдың 5 сәуірінде толық күшіне енген ҚР ӘҚБтК-ге енгізілген өзгерістер таныстырылып, ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жиынның негізгі мақсаты — әділдік, айқын құндылықтарының халық арасында кеңінен насихаттау арқылы ел азаматтарының бойында адалдық қасиеттерін дарыту және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу.
Сондай-ақ, жиын соңында заңсыз сыйақы әрекеттеріне қомақты айыппұл салынатынын ескерткен қатысушылар, барша қызметкерлерді парақорлық әрекеттерден аулақ болуға шақырды.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.