ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 38 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚЫЛМЫСЫ АНЫҚТАЛҒАН

Бұл туралы бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті Жедел басқармасының басшысы Нұрбол Мырзатаев Департаментпен соңғы 6 айда атқарылған жұмыстар қорытындыланған баспасөз жиынында мәлімдеді.

Брифингте жыл басынан бері Департаменттің жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне жалпы саны 47 қылмыс тіркеліп, соның ішінде 38 сыбайлас жемқорлық қылмыстары анықталғанын және бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша 14 қылмыс тіркелгенін жеткізді.

Және анықталған қылмыстардың негізінде мемлекетке келтірілген залалдың жалпы құны 356 млн.теңгені құрағандығын, ал оның 135 млн.теңгесі мемлекет бюджетіне қайтарылғандығын мәлім етті.

Айта кетсек, Агенттікпен бекітілген басым бағыттар бойынша, оның ішінде мемлекеттік бағдарламаларға бөлінген бюджет қаражатын ысырап ету, жүйелі сыбайлас жемқорлық деректерін анықтау, лауазымды тұлғалар тарапынан шағын және орта кәсіпкерлік бизнесіне заңсыз араласу, облыстық, қалалық және аудандық басшыларға қатысты және де көлеңкелі экономикаға лауазымды тұлғалар тарапынан қамқоршылық жасау деректерін анықтауда бүгінгі күні Түркістан облыстық Департаментінің жедел қызметінің жеке құрамы жүйелі түрде қызмет атқаруда.

Нұрбол Бахадырұлы брифинг соңында еліміздің сыбайлас жемқорлықсыз келешегі оның әрбір тұрғынына байланысты екенін атап өтіп, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы Агенттіктің 1424 CALL орталыққа хабарласуға болатынын ескертті.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.