Шымкент: Полицейлер алаяқтық жолмен ақша тауып жүрген азаматты анықтады

Қаратау ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, жеке тұлға мемлекеттік бағдарлама бойынша жаңадан салынып жатқан үйлерден пәтер алып беремін деп, алаяқтық жолмен 1.600.000 теңге ақшасын алып, алдап кеткендігін көрсеткен.

Аталған жайт бойынша, Қаратау аудандық Полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жедел іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында алаяқты анықтап, тиісті басқармаға жеткізді. Оның басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

 Осы орайда, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғындарын бөгде адамдарға сеніп, алданып қалмауға шақырады.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.