Шымкенттік полицейлер шетелден трактор әкеліп беремін деп, алдап кеткен азаматты анықтады

Қаратау ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, бейтаныс азамат шет елден трактор алып келіп беремін деп сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 3.150.000 теңгесін иемденіп кеткендігін көрсеткен.

Аталған жайт бойынша, Қаратау АПБ криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында жергілікті тұрғын анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді.

Өз кезегінде, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғындарын бөгде адамдарға сеніп, алданып қалмауға кеңес береді.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.