ЕҢБЕКШІ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының кіші мәжіліс залында «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары Бектаева Жанар Әлібекқызының төрағалығымен отырыс өтті. Жиынға Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Төлегенов Бекайдар Мұсаұлы, Қалмұратов Мұратәлі Оразәліұлы және Еңбекші аудандық партия филиалының Саяси кеңес Бюро мүшелері қатысты.
Отырысының күн тәртібінде «Nur Otan» партиясы Еңбекші аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасарын тағайындау мәселесі қаралды. «Nur Otan» партиясы Еңбекші аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары лауазымына Реметов Сәбит Аппасұлы тағайындалды.
Реметов Сабит Аппасұлы еңбек жолын 2004-2005 жылдары аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы жастар ісі және ішкі саясат жөніндегі департаментінің ақпараттық-әдістемелік бөлімінің бас маманы болып бастап, Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаментінің «Жастар орталығы» директоры лауазымына көтерілген.
2007 мен 2011 жыл аралығында «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының жастар ісі жөніндегі кеңесшісі, қоғамдық-саяси жұмыс бөлімінің кеңесшісі қызметтерін атқарды.
2012-2014 жылдар аралығында Астана қаласының Парламент Мәжілісі депутатының көмекшісі;
2019 жылы Түркістан облысының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары;
2020 жылы Шымкент қаласы Ішкі саясат және дін істері басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет атқарған.
2020 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Сайрам аудандық ішкі саясат бөлімінің дін сұрақтары мен ұлтаралық қатынастар мәселесі бойынша сектор меңгерушісі қызметін атқарған.

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары Жанар Әлібекқызы Сәбит Аппасұлын жаңа қызметімен құттықтап, алдағы уақытта партияның беделін арттыру жолында, партияның 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасының орындалуы мен оны белсенді насихаттау бойынша табысты еңбек етуіне тілектестік білдірді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.