Шымкентте карантин талаптарын бұзған кезекті ойынхана анықталды

Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері кәсіпкерлік субъектілердің карантин режимін бұзғанын анықтау және бұл жайттардың жолын кесу бойынша күшейтілген жұмыс жүргізуде.
2021 жылдың 11-қыркүйек сағат 23-30 да Еңбекші ауданы Рысқұлов көшесі бойында орналасқан «GLADIATOR» орталығы карантин талаптарына бағынбай келушіліерді қабылдап жатқаны анықталды.
Аталған жайт бойынша, жинақталған іс-құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Шымкент қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.
Осы орайда, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарын карантин режимін қатаң сақтауға шақырады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.