ЖОЛ КАРТАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ БАҚЫЛАУДА

«Nur Otan» партиясының жанындағы білім және ғылымды дамыту жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы, «Nur Otan» партиясының фракция мүшесі, Мәжіліс депутаты Жұлдыз Досбергенқызы Республикадағы тұңғыш рет колледж мәртебесін алған “ Сайрам көмекші инернат-мектеп-колледжінің” тыныс-тіршілігімен танысты.

«Nur Otan» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында «Сайрам көмекші мектеп-интернаты» мекемесінің ескі ғимараты толық сүріліп, оның орнына заманауи талаптарға сай жаңа ғимарат бой көтерді.

Алғашында балалар үйі болып құрылып, кейіннен көмекші мектеп-интернаты қызметіне көшкен нысан енді «Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледж» арнайы кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.

Арнайы оқытуды қажет ететін балалар мектеп-интернат-колледжін тәмәмдаған соң, арнайы мамандықтар бойынша диплом алып шығады. Бұл білім мекемесі Қазақстанда тұңғыш рет көмекші мектеп колледж мәртебесін алды.
Жалпы аталған мекемедегі ауқымды құрылыс жұмысы «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша әзірленген Жол картасындағы кешенді іс-шаралар қатарында.

Мектеп-интернат-колледждің жұмысымен толық танысқан Ж. Досбергенқызы мектеп басшылығы мен қызметкерлер тарапынан жұмыс барында қандай кедергілер барын сұрады. Өз кезегінде мектеп ұжымы төмендегі мәселелерді айтты:

Бала құқықтарын қорғау туралы заңның 30 бабына өзгеріс енгізу ұсынылды: Арнаулы білім беру ұйымдарында 11 жастан 18 жасқа дейінгі девиантты мінез құлықты балалар орналастырылады“
деген жеріне арнайы мектеп интернат ұйымдарында деген сөйлем қосуды қарастыруды;
Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгеріс енгізуін;
Ерекше оқытылуды қажет ететін мектеп — интернат ұстаздары мен тәрбиешілеріне жалақысынан зияндылық үшін үстеме жалақы 25 % төленуін.
Кеңес төрағасы Ж. Досбергенқызы өтініштерді толық қарастырып, оң шешім табуына ықпал ететінін айтты.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.