Шардара ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды

Шардара аудандық мәслихат депутаттары мен мәслихат аппаратының, сондай-ақ, полиция органдарының қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланған жиын өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты — сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, тұрмыстық жемқорлық деректеріне жол бермеу және заңға енгізілген жаңа нормаларды түсіндіру.

Іс шараға арнайы қатысқан Департамент жанынан құрылған ақпараттық – ағартушылық Штабының төрағасы Е.Тұңғышбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістер, жемқорлықтың орын алу жағдайлары мен оның алғышарттарын жою жөнінде және құқық бұзушылықтар үшін қарастырылған әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы айтты.

Бұған қоса, Президент жолдауы мен бірінші басшылардың жауапкершілігі мен пара берушілерге қатысты Заң нормалары қатаңдатылғанын айтып, қызмет атқару барысында заң талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

Іс-шараға қатысушылар жиын барысында өз ойларын ортаға салып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды қолдайтындарын жеткізді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.