Гарнизонда нұсқаулық-әдістемелік сабақ өтті

Шымкент гарнизонының механикаландырылған әскери бөлімінде қару-жарақ пен әскери техниканы қысқы пайдалану кезеңіне көшіру жұмыстары бойынша инженерлік-техникалық құрамымен нұсқаулық-әдістемелік сабақтар өтті.

 

Жиынның басты мақсаты –жеке құрамға әскери бөлімнің жауынгерлік машиналар паркінде маусымдық жұмыстарды сапалы ұйымдастыру, әскери техникаларда жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау, сондай-ақ жоғарғы басшылықтың талаптарын жеткізу.

Іс-шара барысындақару-жарақ пен әскери техниканың қысқы кезеңіне көшіру бойынша құжаттарды дайындау және жүргізу тәртібібасты назарға алынады.

–Қару-жарақ пен әскери техникаларға маусымдық қызмет көрсету бойынша жұмыстар кешені дәстүрлі түрде жылына екі рет жүзеге асырылады. Осындай кешенді жұмыстар қарсаңында инженерлік-техникалық құрамымен өткізілген нұсқаулық-әдістемелік жиыны қысқы режимге көшу жұмыстарын сапалы өтуіне ықпалын тигізеді. Сондай-ақ, әскери техниканы күтіп ұстау бөлімнің жауынгерлік дайындығын қамтамасыз етеді, – дейді бөлім командирінің техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары подполковник Рахматулла Тасполтаев.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.