ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 900 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ВАКЦИНА САЛДЫРДЫ

Түркістан облысында 891 966 адам COVID-19 індетіне қарсы вакцина салдырған. Облыста екінші компонентпен 722 809 адам вакцина салдырды. Түркістан облысының 42401 тұрғыны отандық QazVac-ты салдырған. Бүгінде өңір тұрғындары ресейлік «Спутник V», отандық QazVac, Sinopharm компаниясының HayatVax екпесі, Қытайдың CoronaVac және Sinopharm компаниясының Vero Cell вакцинасын қабылдай алады.
Соңғы тәулікте Түркістан облысында 30 адамда COVID-19 індеті анықталды. Тәуліктік өсім 0,21% құрайды. Облыста 1 033 302 ПТР-сынамалары алынған. Ал, соңғы тәулікте зертханаларда 421 адам тексерілді. Жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 1969 орын бар, олардың 1569-і бос. Жалпы, пандемия басталғалы Covid-19 инфекциясы расталған 14 160 жағдай тіркелді. Олардың 7328-де ауру симптомсыз өткен болатын.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.