Шымкентте ұялы телефон пайдаланған автобус жүргізушісі анықталды

​2021 жылғы 4-қазанында Шымкент қаласының аумағында автобустардың техникалық жағдайын тексеру бойынша республикалық «Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасы басталды.
Іс-шара барысында Шымкент қаласы ПД ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері автобусты басқару кезінде ұялы телефонды пайдаланған жүргізушіні анықтады.
Мәселен, «YUTONG» маркалы автобус жүргізушісі ұялы телефон пайдаланған. Нәтижесінде полиция қызметкерлері жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы (Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы) бойынша әкімшілік хаттама толтырған. Жүргізушіге бұл әрекеттің заңсыз екендігі түсіндірілді.
Айта кету керек, іс-шара ағымдағы жылдың 13-қазанына дейін жалғасын табады. Мұндай профилактикалық шаралар жолаушылар көлігінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға мүмкіндік береді.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.