ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА 4 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

1 қазан – Қарттар күні мерекесі қарсаңында Келес ауданының Бірлік ауылдық округінде 4 отбасы баспаналы болды. Бұрынғы әкімдік ғимараты тұрғын үйге арналып жөндеуден өткізілді. Ол үйлердің кілті аудан әкімі, ауыл ақсақалдарының ұсынымымен ауылдық округі аумағында тұратын тұрмыс деңгейі төмен деп танылған 4 отбасыға табыс етілді. Салтанатты шарада аудандық мәслихаттың хатшысы Арын Тотиков отбасыларға баспана кілттерін табыстап, жылы лебізін білдірді. Мұндай игілікті іс алдағы уақытта да жалғасатын болады. Сондай-ақ Келес ауданы әкімі атынан төрт отбасыға күнделікті тұрмыста қолданатын қажетті техникалар тарту етілді.
Жаңа баспананың иелері аудан басшыларына алғыстарын айтып, табыс тіледі.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.