Шымкент гарнизонының әскерлері қорытынды тексерістен өтуде

Шымкент гарнизонында орналасқан әскери бөлімдері мен мекемелері жауынгерлік даярлық деңгейін бағалау және бөлімшелердің жауынгерлік әзірліктерін тексеру мақсатында ауқымды қорытынды тексерістен өтуде.

 

Қарулы Күштердің 2021 жылға арналған жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес жоғарғы басшылық тарапынан құрылған арнайы кешенді комиссия құрамына Шымкент гарнизонының әскери бөлімдері мен мекемелері қорытынды тексерутапсыруда.

Қорытынды тексерістің басты мақсаты – жеке құрамның машығын, взводтардың, роталардың, құрамалар мен бөлімдердің батальондары басқармаларының нақты деңгейін, бөлімшелердің қысқа мерзімде қойылған жауынгерлік тапсырмаларды орындауға әзірліктерін тексеру, сондай-ақ оқу-жауынгерлік тапсырмаларды пысықтау, жауынгерлік даярлық жоспарлары мен бағдарламаларын орындау барысында бөлімшелер мен олардың басқару органдарының жауынгерлік даярлығы мен үйлесімділігінің деңгейін бағалау болып табылады.

Тексеру барысында әрбір әскери қызметші бөлімше құрамында барлық оқу пәндері бойынша, оның ішінде атыс, тактикалық, арнайы дайындық, жауынгерлік машинаны жүргізу, әскери топография, инженерлік, дене және саптық даярлықтан сынақтар тапсырады. Сондай-ақ, қару-жарақ пен әскери техниканың жай-күйі, лауазымды тұлғалардың жауынгерлік дайындыққа басшылық ету жөніндегі жұмысын ұйымдастыру жүйесі, жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігі тексеріледі.

  • Іс-шара ауқымды, сапта тұрған сарбаздардан бастап, бөлім басшылығына дейін барлық әскерилерді қамтиды. Әрбір әскери қызметші өзінің 2021 оқу жылында қол жеткізген далалық дағдысы мен білім деңгейін көрсетеді. Сондай-ақ, қорытынды тексеру нәтижесі бойынша әрбір әскери қызметшіге сыныптылық біліктілігі беріледі, — дейді гарнизон бастығы полковник Нүркен Қарағұлов.

Оқу пәндері бойынша қорытынды тексеріс әскери бөлімдердің оқу-жаттығу полигондарында және тұрақты орналасу пункіттерінде өтуде. Қорытынды тексеру нәтижелеріне қарай әрбір әскери қызметші жеке-дара бағаланып, әскери бөлімдердің жылдық жауынгерлік деңгейі айқындалады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.