ТҮРКІСТАН: ШАРДАРА АУДАНЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДІЛІГІ АРТҚАН

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев аудандардағы жұмыс сапарларында диқандармен кездесуде жергілікті басшыларға ауыл шаруашылығына басымдық беріп, жиын-терім науқанын жоспарға сай өткізуді тапсырған болатын. Бүгінде өңірдің аудандарында бұл бағытта жұмыс жүйеленіп, жақсы көрсеткіштерге қол жетіп жатыр. 2021 жылдың басынан бері Түркістан облысы, Шардара ауданында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 30794,9 млн. теңгені құрап отыр. Оның ішінде мал шаруашылығы өнімі 6918,8 млн. теңгеге, егін шаруашылығы өнімдері көлемі 23 317,8 млн. теңгеге артқан.
Биыл ауданда 59300 га жерге ауыл шаруашылығы дақылдары, оның ішінде 11310 га жерге бақша өнімдері егіліп, 287743 тонна өнім алынды. Гектар өнімділігі 254,3 центнерді құрап, өткен жылмен салыстырғанда 24748,0 тонна бақша өнімі артық өндірілді. Ал мақта дақылы 12192 га егіліп, одан 32929 тонна өнім алу көзделіп отыр. Қазіргі таңда ауа-райының қолайлы болуына байланысты мақтаның 85 пайызы, яғни, 27805 тоннасы теріліп қойды. Гектар түсімділігі өткен жылмен (22,0 ц/га) салыстырғанда 27,0 центнерге артқан.
Ауданда күріш дақылы 977 гектар жерге егіліп, одан 7000 тоннаға жуық өнім алу жоспарлануда. Қазіргі таңда диқандар күріштің 96,0 пайызға жуық өнімін қамбаға жинап үлгерді. Гектар түсімділігі орташа есеппен 71,5 пайызды құрап, арта түсті. Дәнді дақылдарға келсек, 1293 га бидайдан – 3,278 мың тонна, 1413 га арпадан – 3,742 мың тонна, 250 га картоптан – 4,575 мың тонна, 691 га көкөністен – 22,215 мың тонна, 11310 га бақшадан – 287,843 мың тонна, 2561 га дәндік жүгеріден – 10,0 мың тонна, 6069 га сүрлемдік жүгеріден – 127,403 тонна, 545 га маштан – 306,0 тонна өнім жиналып дайындалды. Сонымен қатар 21966 га ескі және жаңа жоңышқалық алқаптан, дала шөбі және сабаннан 340,0 мың тонна мал азығы жиналған.
Биылғы күзгі жиын-терім науқанын тиімді өткізу үшін аудан әкімінің ұйымдастыруымен жиын-терім жұмыстарына жәрдемдесу жөнінде аудандық штаб құрылды. Штаб құрамына мемлекеттік органдар өкілдері мен ауыл әкімдері енгізілді. Бастама нәтижесінде күзгі жиын-терім дала жұмыстарына Үкімет тарапынан берілетін жанар-жағармай алушы шаруалардың тізімі жасақталды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан биылға ауданға босатылатын жанар жағармай көлемі 4030 тонна болып бекітіліп, «Казроснефть», «Майсс» және «Нурасу Юг» ЖШС-лары арқылы шаруаларға жеткізіліп жатыр.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.