«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы Түркістанда таныстырылды

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Б. Тлепов Түркістан облысының зиялы қауым өкілдерімен және мемлекеттік қызметкерлермен кездесіп «Ұлттық рухани жаңғыру» жобасының міндеттері мен жүзеге асу тетіктерімен таныстырды.

Жобаның негізгі мақсаты –  ұлттық мәдени бірегейлікті сақтау және мәдени өнімдерді ынталандыру, олардың сапасы мен алуан түрлілігін арттыру арқылы әрбір қазақстандықтың көркемдік-шығармашылық әлеуетін іске асыру, сондай-ақ жас ұрпақтың бойында рухани адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру.

Жоба негізгі үш бағыттан тұрады, 7 міндет, 21 көрсеткіш және 66 ауқымды іс-шара көзделген. Бірінші. «Рухани жаңғыру» құндылықтарын ілгерілету және мемлекеттік тілді дамыту» бағыты. Бұл бағыт бойынша 38-іс шара, 8 көрсеткіш көзделген. Екінші «Ел Рухы» бағытымәдениет саласында қолжетімділік пен сапаны арттыру,  13 іс – шара мен  5 көрсеткішке жету жоспарланған. Үшінші. «Тәуелсіздік ұрпақтары» бағыты. Бұлжастар үшін жаңа мүмкіндіктер ашу және оларды қоғамдық пайдалы істерге тарту міндеттерін қамтиды.  Бұл бағыт бойынша 15 жалпыұлттық ауқымды іс-шара мен 8 нақты көрсеткішке жету жоспарланған

Кездесу соңында Б.Тлепов Ұлттық жобаның маңыздылығын ескеріп ақпараттық-түсіндіру жұмысты жандандыруды тапсырды.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.